Ерзурум, Ерзерум, Арзерум(түр. Erzurum, көне атаулары: Карин, Карано, Каликала, Федосиополь, Ардзн-Рум, Арзен) — Түркияның солтүстік-шығысындағы қала, Эрзурум илының (ил — Түркияның әкімшілік бөлінісінің аталуы) әкімшілік орталығы. Халық саны 361 235 мың адам. Теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте орналасқан. Климаты – қоңыржай. Қаладағы «Азизе Аныты» атты ескерткіш Ресей-Түрік соғысы кезінде қала тұрғындарының көрсеткен ерлігі үшін тұрғызылған еді. Қалада Түркияның атақты қолбасшысы Ататүрік атындағы университет бар.
=KTML_Bold=Тарихы=KTML_End=
Эрзурум көнеармяндық Карин (арм. Կարին немесе Гарин-Калаба) Карин қаласына жатады). Карин атауын гректер өз тілінде «Карано» деп атаса, арабтар Каликала деп атаған. Византия императоры ІІ Феодосий (408—450 жж.) қаланы нығайтып, 421 жылы оған «Феодосиполь» деген атау берді. 502 жылы қала уақытша парсылардың билігінде болды. Осылайша VI ғасырда қала тұрғындарының басым бөлігі Хамаданға көшірілді. Ерте ортағасырдан бері қала шығыс әлеміне Армениядағы кілем жасаудың орталығы ретінде кеңінен танылды. 647 жылы Хабиб бастаған арабтар қаланы жаулап алады. Одан кейін де қаланы жаулап алуға гректер қосылады, бірақ 1000-жылдан кейін қала гректерден азат болды.
1047 жылы көршілес жатқан көне армян қаласы Ардзн парсылардан соққы көріп, тұрғындары Каринге қашады. Осы кезден бастап Карин қаласы Ардзн-Рум деп аталды. Қаланың жаңа атауы 'Ромейлердің Ардэні' деген мағына береді (византиялықтар және гректердің көпшілігі өздерін ромейлер деп атаған; грекше 'Арзен Ромей'). Эрзурум атауы осы атаулардың фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрі. 1049 жылы қаланы түріктер жаулап алды. Соқтығыс кезінде халықтың басым бөлігі аяусыз қырылды. Византиялық хронист Иоанн Скилицаның ақпараты бойынша, Эрзурумды алу кезінде 140 мың адам өлтірілді. Cандар тым асыра сілтеп айтылса да, түрік-селжұқтардың соққысы жергілікті армян және грек халықтарына ауыр зардабын тигізгені анық.
1201 жылы Эрзурум селжұқтардың, ал 1247 жылы моғолдардың қолына өтті. XV ғасырда Самарқандқа жол тартқан испандық тарихшы Руи Гонсалес Де Клавихо саяхат кезінде мынадай деректерді көзі шалған:
1472 жылы қала парсылардың қолына өтті, ал 1522 жылдан бастап бұл аумақты түріктер билей бастады. Иван Паскевичтің басшылығымен орыстар түріктерді жеңіп, 1829 жылдың шілдесінде Эрзурумды жаулап алды. Нәтижесінде пашалық Эрзурум өзінің басты қаласымен Ресей билігіне өтті, бірақ Адрианополь келісіміне сәйкес (1829 жыл, қыркүйек) қала сұлтанға қайтарылды. 1877 жылы Мұхтар-паша Аладжинда болған қақтығыста Соганлуг арқасына қарай кері шегінеді. Ал бұл аймақ генерал Гейман әскерінің бақылауында болатын. 23 қазанда Гейман әскері Деве-Бойну маңында қайта шабуылдады. Түріктер Эрзурумға кері шегінуге мәжбүр болды. Қаланы ескертусіз басып алу әрекеті жүзеге аспады. Гейман әскері қамалдың маңайындағы қысқы пәтерлерде қоныстанды. 1878 жасалған келісім бойынша Эрзурум ақпан айында орыс әскерлерінің бақылауында болып, Берлин тарактатына сәйкес Түркияға қайтарылып берілді. 1895 жылы қалада армяндарға қарсы Эрзурум қырғыны болды. 1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1916 жылдың сәуірінен 1917 жылдың жазына дейін қала Кавказ майданының орыс әскерімен дайындық жүргізді. 1919—1920 жылдар аралығында Эрзурумда алғашқы түрік ұлттық қозғалысының орталығына айналды; Эрзурумда алғашқы түрік ұлттық ассамблеясы құрылды. XXI ғасырдан бастап қалада қысқы спорт ойындары дамып келеді. 2011 жылдың 27 қаңтарында Эрзурумда XXV Қысқы универсиада өтті.
=KTML_Bold=Қала ескерткіштері=KTML_End=
Қаланың тарихи маңызды ескерткіші «Азизе Аныты» ескерткіші. Бұл ескерткіш Эрзурум халқының Орыс-түрік соғысында жасаған ерліктері үшін қойылған. Эрзурумның оңтүстігінде, қаладан 5 км жерде Паландокен атты таулы курорт бар. Қаланың тарихи жерлері мен орталықтарының қатарында Тортум көлі, Тортум сарқырамасы, XIII ғасырда селжұқтар салған Аракс көліндегі Чобандеде атты 220-метірлік көпір, Пасинер және Олту атты қамалдар бар.
=KTML_Bold=Эрзурум қамалы=KTML_End=
Геотермалды қайнарлар: Ылыджа және Думлу;
Пасинлер минералды суы
Тортум бұлағы
Эрзурум, Ашкале, Джинис, Пыртын, Хыныс, Топраккале, Каледжик, Испир, Олту, Авник, Бардыз (Газилер), Тортум, Агджа, Азорт, Унгюзель, Хасанкале және Ван қамалдары.
Шіркеу және Котарус (Читаризон) қаласы
Мешіттер:=KTML_Photo_Begin=https://www.kurdipedia.org//files/relatedfiles/2024/596365/0005.JPG?ver=20240915093929=KTML_Photo_Alt=Ерзурум (کازاخی)=KTML_Style=width:20%;height:20%;float:right;=KTML_Photo_Target_Link=https://www.kurdipedia.org//files/relatedfiles/2024/596365/0005.JPG?ver=20240915093929=KTML_Photo_End=
Эрзурумдағы ұлы мешіт (Атабеков мешіті ретінде де танымал) — 1562 жыл
Лала Мұстафа паша мешіті — 1562 жыл
Мұрат паша мешіті — 1573 жыл
Әли аға мешіті — 1608 жыл
Каферие мешіті —1645 жыл
Бояхане мешіті — 1566 жыл
Нарманлы мешіті — 1738 жыл
Ибрагим-паша мешіті — 1748 жыл
Шейх мешіті — 1720 жыл
Дервиш Қажы мешіті — 1718 жыл
Дервиш Аға мешіті — 1718 жыл
Первизоғлы мешіті — 1716 жыл
Дженнетзаде мешіті — 1786 год
Февзие-Шейх уль-ислам мешіті — 1700 жыл
Айяз Паша мешіті — 1545 жыл
Гюрджу Мехмет Паша мешіті — 1648 жыл
Қасым Паша мешіті — 1667 жыл
Эсат Паша мешіті — 1853 жыл
Кемхан паша мешіті — 1654 жыл
Көсе Өмер Аға мешіті — 1771 жыл
Арслан Паша мешіті — 1664 жыл
Шаруа мешіті
Чифте Минарели и Якутие медресесі (Хатуние деген атпен де танымал)
Ахмедие, Куршунлу, Первизоглу, Шейхлер және Кадыоглу медреселері
Эрзурум және Испира қамалдарының мешіттері; Тепси мұнарасы
Лала паша, Мұрат паша, Гюльджю Капысы (Али Аға), Бояхане, Джаферие, Куршунлу (Фейзие), Первизоглу, Дервиш Аға, Гюмрюк, Бакырджи, Нарманлы, Ибрагим паша, Шейхлер, Дженнетзаде, Топал Чавуш, Чарши (Тугрул Шах), Арслан паша, Сиваслы, Сүлейман хан және Бардыз мешіттері
Қабірлер: Эмир Салтук (Мелик Гази), Каранлык, Гюмюшлю, Джиджиме Султан, Рабия Хатун, Мехди Аббас (Эмир Шейх), Эврени, Сөйлемез Ана, Сөйлемез Баба, Мысри Зиннун, Феррух Хатун, Гюльпери Хатун
Ташхан керуен-сарайы (Рустем паша)
Бояхане, Лала паша, Кырк Чешме, Мұрат паша және Сарай моншалары
Чобандеде, Дервиш Аға және Кюпели көпірлері
Эрзурум археологиялық мұражайы
Эрзурумдағы конгрес мұражайы.
Эрзурумнан шыққан атақты тұлғалар
Ованнес Аветаранян (туған кездегі есімі — Мехмет Шүкри) — армяндық христиан миссионері.
Маркос Вафиадис — Грекияның коммунистік партиясы қайраткерлерінің бірі және Грекияның демократиялық армиясының генералы.
Грант Гамбарян — армян жазушысы (1894—1915), армян геноциді кезінде қайтыс болды.
Армен Гаро (Гарегин Пастермаджян) — армян ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, Арменияның халық қаһарманы
Аршак Гафавян (Кери, 1858—1916) — армян ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Джемал Гюрсел — түрік әскери және қоғамдық қайраткері, Түрік республикасының президенті.
Оваким Кочолозян — армян ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Аристакес Ластиверци — XI ғасырдағы армян тарихшысы.
Ованнес (Вардкес) Серенгюлян — осман парламентінің Эрзурумнан сайланған депутаты.
Нене Хатун — түрік халқының батыр әйелі.
Гурген Яникян — армян инженері, жазушы.
[1]